Жаңалықтар

Курсқа қалай жазылуға болады?

2025-01-22 12:00
Курсқа жазылу оңай әрі ыңғайлы! Біз сізге арнап қарапайым нұсқаулық дайындадық. Соның көмегімен қажет бағдарламаны тез таңдап, өтінімді рәсімдеп, оқуды бастай аласыз. Бірнеше қадамды орындап, жаңа білімге жол ашыңыз!
Нұсқаулық:

1. Қажет курсты таңдаңыз:
  • «Курстар тізімі» бөлімінде оқу бағдарламаласымен танысыңыз.
  • Қызығушылығыңыз бен мақсатыңызға сәйкес келетін курсты таңдаңыз.

2. Курс туралы ақпаратпен танысып алыңыз
  • Курстың сипаттамасын, оқу бағдарламасын, ұзақтығы мен оқу ақысын қарап шығыңыз.
  • Қатысушыға қойылатын талаптарға сай келетініңізге көз жеткізіңіз (егер талаптар қойылса).

3. Оқуға өтінім беріңіз
  • Таңдалған курсты тауып, «Тіркелу» немесе «Өтінім беру» батырмасын басыңыз.
  • Қатысушының анкетасын толтырыңыз (егер талап етілсе).
  • Сұрақтарыңыз болса, электронды пошта нетелефон арқылы бізге хабарласыңыз.

4. Оқу ақысын төлеңіз
  • Қолжетімді төлем тәсілдерінің бірін таңдаңыз (онлайн төлем, банк аударымы және т. б.).
  • Курс ақысын төлеу нұсқаулығын орындаңыз.
  • Төлем сәтті аяқталған соң, көрсетілген электронды поштаға растау хаты келеді.

5. Қажет болса, техникалық қолдауға жүгініңіз
  • Егер сұрақ не қиындық туындаса, қолдау қызметіне хабарласыңыз:
  • Сайттағы онлайн-чат арқылы
  • Электронды пошта арқылы
  • Телефон арқылы