Жаңалықтар

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқытудың тәртібі мен мерзімі

«Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі — Қағидалар).
Қағидалар Жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту және білімін тексеруді өткізу тәртібін (2-тарау) және Басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан өткізу тәртібін (3-тарау) белгілейді.
Негізгі айырмашылықтарды түсіндірейік:
Жұмыскерлер
Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 43) тармақшасына сәйкес, жұмыскер — жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға.
Жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту және білімін тексеру жылына бір реттен сиретпей өткізіледі.
Жұмысқа қабылданған адамдар, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстырылатын жұмыскерлер кейіннен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруді жүргізе отырып, жұмыс беруші белгілеген мерзімде, бірақ еңбек шарты жасалғаннан немесе басқа жұмысқа ауысқаннан кейін бір айдан кешіктірмей оқудан өтеді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімдерін тексеруден өтпеген жұмыскерлер жұмысқа жіберілмейді.
Жұмыскер басқа жұмыс орнына не басқа құрылымдық бөлімшеге ауысқан не лауазымы, мамандығы, кәсібі, біліктілігі шегінде басқа механизмде немесе агрегатта жұмыс тапсырылған кезде қайта оқыту және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеру талап етілмейді (Қағидалардың 4-тармағы).
Алайда, жұмыстардың, лауазымның, кәсіптің осы түрі бойынша үш және одан да көп жыл, ал қауіптілігі жоғары жұмыстарда бір жылдан астам үзілісі бар жұмыскерлер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен білімін тексеруден өзіндік жұмысы басталғанға дейін өткізіледі (Қағидалардың 7-тармағы).
Ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты жұмыскерлерінің тізімін, оқыту жүргізіліп жатқан жұмыстар мен кәсіптер тізбесін, сондай-ақ оқытудың тәртібін, нысанын жұмыс беруші кәсіптің сипатына, жұмыстардың түріне, өндірістің ерекшелігі мен еңбек қауіпсіздігі жағдайына қарай, жұмыскерлер өкілдерімен (олар болған кезде) келісе отырып белгілейді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту (сабақтар, дәрістер, семинарлар) жұмыс берушіде тиісті салалардың мамандарын, кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар инженерлік-техникалық жұмыскерлерді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаты бар ұйымның еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтері жөніндегі техникалық инспекторларын тарта отырып жүргізіледі.
Білімін тексеруден сәтті өткен жұмыскерге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қағидаларды, нормалар мен нұсқаулықтарды білуін тексеру жөніндегі куәлік беріледі.
Басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар
Басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар (бұдан әрі — жауапты жұмыскерлер) оқу орталықтарында күндізгі немесе «on-line» режимінде желілік технология бойынша қашықтықтан нысанында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жалпы немесе арнайы кәсіптік құзыреттерді дамыту бойынша оқытудан өтеді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жауапты жұмыскерлерді оқыту және білімдерін тексеру оқу орталығында жүзеге асырылады.
Оқу орталығы — басшыларға және жауапты жұмыскерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды жүргізетін ұйым.
Қағидалардың 23-тармағына сәйкес, Ұйымдар жауапты жұмыскерлердің тізімдерін және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мен білімдерін тексеруді жүргізу кестелерін жасайды, олар жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.
Демек, оқу орталықтары жұмыс берушінің актісімен бекітілген еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды және білімін тексеруді жүргізуге жауапты қызметкерлердің тізімдеріне енгізілген қызметкерлерді оқытады.
Жауапты жұмыскерлер үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жалпы кәсіптік құзыреттерді дамыту бойынша оқыту ұзақтығы Қағидалардың 26-тармағында бекітілген.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеруден өткен жауапты жұмыскерлерге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат беріледі (Қағидалардың 33-тармағы).
Сондай-ақ Қағидалардың 33-тармағынан басшылар мен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар оқу орталықтарында оқудан өтуге міндетті:
1) жалпы кәсіптік құзыреттерді дамыту үшін — бір рет, қайта тапсыру талап етілмейді (сертификат мерзімсіз қолданылады);
2) арнайы кәсіптік құзыреттерді дамыту үшін — үш жылда бір рет (сертификат үш жыл жарамды).
Жұмысқа қабылданған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты жұмыскерлер тағайындалған күннен бастап бір айдан кешіктірмей еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өтеді (Қағидалардың 34-тармағы).
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеруден өтпеген жауапты жұмыскерлер оны қайта өткенге дейін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 48-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жұмыстан шеттетіледі.
Жауапты жұмыскерлер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін кезектен тыс тексеруден Қағидалардың 36-тармағында көрсетілген жағдайларда өтеді.