Жүргізуші куәлігін алу процесін шартты түрде мына кезеңдерге бөлуге болады:
— жол қозғалысының ережелерін оқу және көлік құралын жүргізуге үйрену;
— емтихан тапсыру;
— құжаттарды жинау;
— құжаттарды тапсыру және жүргізуші куәлігін алу.

Практикалық емтихан басқару құқығына жүргізуші куәлігі берілетін санаттағы көлік құралында қабылданады.
Жүргізуші куәлігі мына жасқа толған адамдарға берілуі мүмкін:
— «А1» кіші санатындағы көлік құралдарын — он алты жасқа толған адамдарға;
— «А», «В» санаттарындағы және «В1», «С1» кіші санаттарындағы көлік құралдарын — он сегіз жасқа толған адамдарға;
— «С» санатындағы және «D1» кіші санатындағы көлік құралдарын — жиырма бір жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл — «С1» кіші санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар адамдарға;
— «Tm» санатындағы көлік құралдарын — жиырма бір жасқа толған адамдарға;
— «D» және «Tb» санаттарындағы көлік құралдарын жүргізу — жиырма үш жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде «D1» кіші санатына жатқызылатын көлік құралдарын кемінде бір жыл басқару өтілі бар адамдарға;
— «ВЕ», «СЕ», «DЕ» санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын — кемінде он екі ай бойы тиісінше «В», «С» немесе «D» санаттарындағы көлік құралдарын басқаруға құқығы бар адамдарға;
— «С1Е», «D1Е» кіші санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын — кемінде он екі ай бойы тиісінше «С», «D» санаттарындағы не «С1», «D1» кіші санаттарындағы көлік құралдарын басқаруға құқығы бар адамдарға беріледі.

Жүргізуші куәлігінің санаттары:
— «A», «А1» — екі дөңгелекті мотоциклдер;
— «В1» — трициклдерде не квадроциклдер;
— «B» — рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 кг аспайтын және жүргізуші орындығынан басқа, отыратын орын саны 8 аспайтын, техникалық сипаттамалары бойынша жылдамдықты кем дегенде 100 км/сағ жеткізуге қабілетті автомобильдер;
— «C», «С1» — рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 кг асатын жүк автомобильдерін;
— «D1» — сыйымдылығы кемінде 28 отыратын орын және ұзындығы кемінде 7,0 м болатын автобустар;
— «D» — сыйымдылығы кемінде 28 отыратын орын және ұзындығы кемінде 7,0 м болатын автобустар;
— «BE» — рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 кг аспайтын және жүргізуші орындығынан басқа, отыратын орын саны 8 аспайтын, техникалық сипаттамалары бойынша жылдамдықты кем дегенде 100 км/сағ жеткізуге қабілетті, рұқсат етілген ең жоғары салмағы кем дегенде 1000 кг, ал көлік құралдары құрамының рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 кг асатын тіркемесі бар автомобильдер;
— «CE», «С1Е» — рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 кг асатын, араларындағы қашықтық 1 м асатын кемінде екі білікті тіркемесі немесе жартылай тіркемесі бар жүк автомобильдерін;
— «DE», «D1E» — бөліктері біріктірілген автобустарда немесе сыйымдылығы кемінде 28 отыратын орын және ұзындығы кемінде 7,0 м болатын, рұқсат етілген ең жоғары салмағы кем дегенде 1000 кг автобустар.