Қазақстанда жүргізуші куәлігін қалай алуға болады?
2025-01-22 13:22
Жүргізуші куәлігін алу процесін шартты түрде мына кезеңдерге бөлуге болады: — жол қозғалысының ережелерін оқу және көлік құралын жүргізуге үйрену; — емтихан тапсыру; — құжаттарды жинау; — құжаттарды тапсыру және жүргізуші куәлігін алу.
Практикалық емтихан басқару құқығына жүргізуші куәлігі берілетін санаттағы көлік құралында қабылданады. Жүргізуші куәлігі мына жасқа толған адамдарға берілуі мүмкін: — «А1» кіші санатындағы көлік құралдарын — он алты жасқа толған адамдарға; — «А», «В» санаттарындағы және «В1», «С1» кіші санаттарындағы көлік құралдарын — он сегіз жасқа толған адамдарға; — «С» санатындағы және «D1» кіші санатындағы көлік құралдарын — жиырма бір жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл — «С1» кіші санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар адамдарға; — «Tm» санатындағы көлік құралдарын — жиырма бір жасқа толған адамдарға; — «D» және «Tb» санаттарындағы көлік құралдарын жүргізу — жиырма үш жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде «D1» кіші санатына жатқызылатын көлік құралдарын кемінде бір жыл басқару өтілі бар адамдарға; — «ВЕ», «СЕ», «DЕ» санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын — кемінде он екі ай бойы тиісінше «В», «С» немесе «D» санаттарындағы көлік құралдарын басқаруға құқығы бар адамдарға; — «С1Е», «D1Е» кіші санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын — кемінде он екі ай бойы тиісінше «С», «D» санаттарындағы не «С1», «D1» кіші санаттарындағы көлік құралдарын басқаруға құқығы бар адамдарға беріледі.
Жүргізуші куәлігінің санаттары: — «A», «А1» — екі дөңгелекті мотоциклдер; — «В1» — трициклдерде не квадроциклдер; — «B» — рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 кг аспайтын және жүргізуші орындығынан басқа, отыратын орын саны 8 аспайтын, техникалық сипаттамалары бойынша жылдамдықты кем дегенде 100 км/сағ жеткізуге қабілетті автомобильдер; — «C», «С1» — рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 кг асатын жүк автомобильдерін; — «D1» — сыйымдылығы кемінде 28 отыратын орын және ұзындығы кемінде 7,0 м болатын автобустар; — «D» — сыйымдылығы кемінде 28 отыратын орын және ұзындығы кемінде 7,0 м болатын автобустар; — «BE» — рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 кг аспайтын және жүргізуші орындығынан басқа, отыратын орын саны 8 аспайтын, техникалық сипаттамалары бойынша жылдамдықты кем дегенде 100 км/сағ жеткізуге қабілетті, рұқсат етілген ең жоғары салмағы кем дегенде 1000 кг, ал көлік құралдары құрамының рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 кг асатын тіркемесі бар автомобильдер; — «CE», «С1Е» — рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3500 кг асатын, араларындағы қашықтық 1 м асатын кемінде екі білікті тіркемесі немесе жартылай тіркемесі бар жүк автомобильдерін; — «DE», «D1E» — бөліктері біріктірілген автобустарда немесе сыйымдылығы кемінде 28 отыратын орын және ұзындығы кемінде 7,0 м болатын, рұқсат етілген ең жоғары салмағы кем дегенде 1000 кг автобустар.