Осы Қағидаларда емтихан пункттері деп білім беру саласында аккредиттелген не «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының интернет-ресурсында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға арналған оқыту орталықтары мен оқыту мекемелерінің тізіліміне қосылған техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары аталады.
Емтихан пункттері «ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі» мамандығы бойынша теориялық оқытуды, сондай-ақ өндірістік оқыту мен кәсіби практиканы жүзеге асырады. Оқыту қорытындылары бойынша емтихан пункттері теориялық және практикалық емтихандар (қорытынды аттестаттау) қабылдайды, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәлік беріледі.
Барлық санаттағы машиналарды басқару құқығына емтиханды өтініш берілген күні емтихан пункттерінде емтихан комиссиялары қабылдайды.
Емтихан Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы Жол жүрісі қағидаларын және оқу бағдарламаларында көзделген машиналарды пайдалану қауіпсіздігі туралы білімдерін тексеру мақсатында жүргізіледі.
Емтихан тапсыруға рұқсат беру және куәлік беру азаматтардың тұрақты тіркелген тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері (уақытша тіркелген жағдайда) бойынша, ал ішкі істер органдарында тіркелген шетел азаматтарына келген жері бойынша жүзеге асырылады.

Емтихан қабылдау тестілеу арқылы жүргізіледі және он сұрақтан тұрады. Барлық сұрақтарға жауап беру үшін тракторшы-машиниске кандидатқа 30 (отыз) минут беріледі.
Тестілеуді өткізу кезінде техникалық жарақтандыру жөніндегі ең төмен техникалық талаптар осы Қағидаларға 1-1-қосымшада көрсетілген.
Кем дегенде сегіз сұраққа дұрыс жауап берілген кезде «Тапсырды» деген қорытынды баға қойылады, ал қарсы жағдайда «Тапсырмады» деген баға қойылады.
«Тапсырмады» деген теріс баға алған жағдайда, қайта емтихан қабылдау алдыңғы емтиханды тапсырған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннен кейін жүзеге асырылады.
Емтихан тапсыру нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша емтихан парағына жазылады.
«А», «Б», «В», «Г», «Д» санаттарында рұқсат белгілері бар куәлікке ие адамдар мыналарды:
«А» — сыныбы 30 килоНьютонға (3,0 тартылыс күші) дейінгі (қоса алғанда) доңғалақты тракторларды;
«Б» — сыныбы 30 килоНьютоннан (3,0 тартылыс күші) жоғары доңғалақты тракторларды;
«В» — шынжыр табанды тракторларды;
«Г» — өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы машиналарын;
«Д» — барлық өздігінен жүретін механикаландырылған мелиорациялық машиналарды және жол-құрылыс машиналарын, оның ішінде экскаваторларды, монтаждалған мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары бар тракторларды басқара алады.
Куәлік қосымша жабдықтар монтаждалған немесе олар агрегат (тіркеме, автопойыз) құрамында жұмыс істейтін тиісті санаттағы машиналарды жүргізуге құқық береді.

Машиналарды басқару құқығы мыналарға беріледі:
1. он жеті жасқа толған адамдарға — «А», «В» және «Г» санаттарындағы машиналарды басқаруға;
2. он сегіз жасқа толған адамдарға — кемінде алты ай «А» және «В» немесе «Г» санаттарындағы машиналарды басқару өтілі болған жағдайда, «Б» және «Д» санаттарындағы машиналарды басқару құқығын қосымша алуға.
«Б» және (немесе) «Д» санаттары «А», «В» және «Г» бағандарында рұқсат белгілері бар куәлікке ие (көрсетілетін қызметті алушының тиісті машиналардағы жалпы жұмыс өтілі кемінде алты ай) және емтихан пунктінде теориялық емтихан тапсырған көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.