НЕЛІКТЕН БАНК КАРТАСЫ АРҚЫЛЫ ТӨЛЕМ ЖАСАЛМАЙ ЖАТЫР?
1. Егер төлем жасау кезінде «Not permitted to client by Issuing bank. Call your bank» (Төлем жасауға рұқсат жоқ. Банкіңізге хабарласыңыз) қатесі шықса, онда банк картасынан интернет арқылы төлем жасау функциясын қосу қажет. Сонымен қатар, егер картада CVV2/CVC2 коды болмаса, оны банк қызметкерлерінен сұрап алыңыз. Бұл үшін картаңызды берген банкке хабарласуыңыз қажет.
2. Егер «Code: 19, Message: Авторизация қатесі» деген қате шықса, бұл сіздің картаңызда интернет-төлем жасауға қажет 3D-Secure құпиясөзі орнатылмағанын білдіруі мүмкін. Банкіңізге хабарласып, мұндай құпиясөзді орнату бойынша кеңес алыңыз.